15 СӘУІР – ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ КҮНІ
Жуалы аудандық орталық кітапханасында №19 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп гимназиясының 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік махаббат жыры» тақырыбында сырласу кеші өтті.
Мақсаты: Төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің кейіпкерлерін ұлықтау. Ұлт руханиятындағы теңдесі жоқ ғашықтық жырлармен жастарды сусындату, адам өміріндегі, жастық шағындағы ең жарқын белестері – ғашық болу, ғашықтарды аялау, сезімдерін жеткізе білу, махаббат деген сезімнің ұлылығын паш ету.