«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан»

25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі.
 Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» атты танымдық сағатын ұйымдастырды.
 Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту.