Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында «Мақал-мәтелдер — көненің көзі, дананың сөзі» атты зияткерлік ойыны өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды мақал-мәтелдер айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан етуге тәрбиелеу. Өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
