10 қазан-Мүгедектігі бар адамдар күні
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы Жуалы аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығының қызметкерлері Нұрбала Аликова, Сандигүл Аманбаева, Зиба Ильясова және атаулы орталықтың тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мейірімділік мекені» атты мейірімділік сағатын ұйымдастырды. Кеш барысында балалар кітапханасының кітапханашысы Жансая Олжабай оқырмандарды қызықты кітаптармен таныстырып, балалардың көңілін көтеру мақсатында сый-сияпатын табыстады.