Мемлекет қайраткері, жазушы Хамза ЖҮСІПБЕКОВ (1900-1938жж.)

Мемлекет қайраткері, жазушы Хамза ЖҮСІПБЕКОВ (1900-1938жж.)
Марксизм-ленинизм курсын бітірген. 1920-1922 жылдары Омбы, Ақмола губернияларында, Көкшетау уезінде жауапты қызметтер атқарған. 1922-1926 жылдары — БК(б)П Ақмола, Бөкей губерниялық комитеттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1927-1932 жылдары — БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бақылау комиссиясының алқа мүшесі және жауапты хатшысы, 1933-1937 жылдары — Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесінің аудармашысы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған. 1925-1937 жылдары мерзімдік баспасөзде жазушының әдеби-сын мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. «Қарсақбай» атты кітабы жарық көрді. Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне аударған. Хамза Жүсіпбеков 1937 жылы күзде «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді.