Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында мақсатты бағдарлама аясында «Жауқазын» клуб мүшелерінің қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. #ЖуалыОКЖ
