«Мен – халқымның Бауыржанымын»

Жуалы аудандық мәдениет үйінде халқымыздың біртуар перзенті, ерлік пен өрліктің символына айналған Бауыржан Момышұлына арналған «Мен – халқымның Бауыржанымын» атты әскери-патриоттық тағылымды шара жоғары деңгейде өтті.
Шара аясында Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Қайсар рухтың иесі – Бауыржан» атты кітап көрмесі мен фотогаллерея ұйымдастырып, көрермен қауымды батырдың өмір жолы, ерлігі мен рухани мұрасы жөнінде кеңінен таныстырды. Көрмеде батырдың шығармалары, ол туралы жазылған әдебиеттер мен тарихи деректер ұсынылып, келген қонақтардың зор қызығушылығын тудырды.
Тағылымды шара жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух дарытып, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды мәдени іс-шара ретінде көпшіліктің көңілінен шықты.