21 АҚПАН — АНА ТІЛІ КҮНІ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №44 Бақалы бастауыш мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен “Менің елім — менің тілім ардақты” атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу, ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
