«Менің елім – Қазақстан»

25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі.
 Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Менің елім – Қазақстан» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.
 Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту.