“Менің көп тілді, сәулетті Қазақстаным”

21 АҚПАН — АНА ТІЛІ КҮНІ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстазы Ж.Қарабаева және 5 сынып оқушыларының қатысуымен “Менің көп тілді, сәулетті Қазақстаным” атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу, ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.