«Менің отбасым, менің жанұям»

15 мамыр – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы Байбулатовтар отбасының қатысуымен «Менің отбасым, менің жанұям» атты отбасылық кітап оқу ұйымдастырды.
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.