Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мұқағали — мәңгілік жыр» атты поэзия сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
