Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95жыл.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандары және “Білімді ұрпақ” қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен “Мұқағали — ұлт поэзиясының шырағы» тақырыбында поэзия кеші өтті.
Мақсаты: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.