26 маусым – Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында Кәріқорған ауылдық амбулаториясының медбикесі Эльвира Наушабаева, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық-қауіпті індет, алдын алу міндет» атты ақыл – кеңес сағаты өтті.
Мақсаты:Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.