22 НАУРЫЗ — НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Наурыз — дәстүр мен салт мерекесі» атты мерекелік кеш өтті. Шара барысында Г.Егеубаева «Наурыз – елдіктің дәстүрі, жаңару мен жаңғырудың рәмізі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.