«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

22 НАУРЫЗ — НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік кеш өтті. Шара барысында қазақтың ұлттық тағамы — Наурыз көже дайындалып, «Тұсау кесер» рәсімі орындалды. Кітапханашы Ж.Мирсеитова «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.