1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында «Балауса» бөбекжай-балабақшасының «Жұлдыз», «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.