«Өмірі өлеңмен өрілген»

Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова 80 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өмірі өлеңмен өрілген» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.