«Өшпес ерлік»

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» атты тәрбие сағаты өтті. Кітапханашы Г.Жұмаханова «Өшпес ерлік» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.