«Отбасы — өмір аясы»

15 мамыр — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында Есалиевтер және Турдалиевтер отбасыларының қатысуымен «Отбасы — өмір аясы» тақырыбында кезесу кеші өтті.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.