5 қыркүйек — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Өз ана тіліңмен сөйлеу — елге деген құрмет» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге, оқушыларды адамгершілікке, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.
