“Қаламды да, қаруды да қатар ұстаған азамат”

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері Құрманбек Сағындықовтың туғанына – 115 жыл
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Қаламды да, қаруды да қатар ұстаған азамат” атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Құрманбек Сағындықовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, тарихи тұлғаның ел мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесін насихаттау, оқушылардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.