«Қариясы бар елдің, қазынасы бар»

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде ауыл қариялары, ардақты аналары, кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Қариясы бар елдің, қазынасы бар» атты кездесу кеші өтті. Кешті аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Мәлік Мықтыбеков, Тимур Сағынбеков «Ауылға сағыныш» әнімен бастады. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Шахнұр Серік «Ата-әжеме құрмет» өлеңін мәнерлеп оқып, Айзере Серік «Әжетайым» әнін, Омар Мадыхан «Уақыттар зулап» әнін, Ясин Мадыхан «Ана» әнін шырқады. Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Айжан Жұманова кешті қортындылап, шақырылған қарияларды қайырымдылық дастарханына шақырды.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл,иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.