1 қазан – Халықаралық Қарттар күні
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасы ауыл қарияларының қатысуымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл,иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.