«Қарттарым — асыл қазынам»

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы ақ жаулықты ана Жұмакүл Мақтабаевамен «Қарттарым — асыл қазынам» атты кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қартымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.