1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы ауыл қарияларына құрмет көрсетіп «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.