«Қазағымның үнісің сен домбыра»

1 шілде – ДОМБЫРА КҮНІ

Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы – домбыра.

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында «Көшпелі кітапхана» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған Нұрлыкент ауылдық ескерткіші алаңында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазағымның үнісің сен домбыра» атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Ата – бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға деген өскелең ұрпақтың қызығушылық сезімін оятып, тарих куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу.