«Қазақ әдебиетінің ақиығы»

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақиығы» атты көркемсөз оқу сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.