«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл
Тәкен Әлімқұлов — ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен “Қазақ әдебиетінің тарланы” тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.