«Қазақ елі менің-Отаным»

25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі.
 Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ елі менің-Отаным» атты танымдық сағатын ұйымдастырды.
 Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту.