ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақ хандығы — елдігіміздің бастауы» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
