«Қазақ күйінің дара тұлғасы»

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы «Қазақ күйінің дара тұлғасы» атты тарихи сағат өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.