“Қазақтың ұлы ақыны»

Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Қазақтың ұлы ақыны» тақырыбында кітаптарына шолу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.