«Қоршаған орта және заң»

Жуалы аудандық орталық кітапханасында Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Қырғызбаева, ААбенова және 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Қоршаған орта және заң» тақырыбында құқық сағаты өтті.
Мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.