«Құқықтық сауаттылық – болашақ кепілі»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Құқықтық сауаттылық – болашақ кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты:Оқырмандардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.