Ақын Несіпбек Айтұлы — 75 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапахананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Рух падишасы» атты әдеби алаң өтті..
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Несіпбек Айтұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
