1 ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобының оқушыларының қатысуымен «Сәлем саған, алтын ұя мектебім!» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, оқырмандарды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
