1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Спид-әлемдік індет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.
