1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебінің мейірбикесі А.Сапарбекова, 7 сынып оқушыларының қатысуымен «СПИД — ғасыр індеті» атты денсаулық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.
