21 ТАМЫЗ — СПОРТ КҮНІ
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дауа» әуесқой клуб мүшелерінің қатысуымен «Спорт — денсаулық кепілі» тақырыбында эстафеталық ойындар жарысы өтті.
Мақсаты: Жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.