Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Кәрібай Олжас Батырханұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты маман кеңесі өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.
