АДАЛ ҚОҒАМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс жөніндегі заңгер маманы Н.Ахметов, «Жуалы адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі О.Кәрібайдың қатысумен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.
