“Тәкен Әлімқұлов — Заңғар жазушы”

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Тәкен Әлімқұлов — ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен “Тәкен Әлімқұлов — Заңғар жазушы” тақырыбында әдеби алаң өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.