«Тәртіпке бағынған ер — ел қорғаны”

⚜️Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Ауған соғысының ардагері Исаев Мелдебек Иманқұлұлы, Билікөл ауылдық әкімшілік апаратының бас маманы Ж.Әшірхан, жастар ісі жөніндегі инспектор Э.Паримбекова, мәдениет үйінін маманы С.Иманбаева, Жылыбұлақ ауылдық клуб маманы Қ.Жұмаханов, М.Өмірбаевтың қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Тәртіпке бағынған ер — ел қорғаны” атты кездесу кеші болып өтті. “Ауғанның от жалыны” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

⚜️Мақсаты: Патриоттық тәрбие – адамның туған жеріне, халқына, тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау талаптары мен дағдылар оқушыда тәртіпке бағыну, уақытты бағалау, өз ісіне жауапты болу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.