«Тәуелсіз Отаным — бақыт ордасы»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық мәдениет үйінде Жылыбұлақ ауылдық клуб мамандарымен бірлесе отырып жерлес желтоқсаншылар Лухманов Нурзулла Анварбекұлы, Жарылқапова Жанаркүл Сәрсенбайқызы, Билікөл ауылдық округі әкімі Қамбарбеков Еркебұлан Бекұлы, ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абсалямов Еңсебек Түгелбайұлының қатысуымен «Тәуелсіз Отаным — бақыт ордасы» атты еске алу кеші өтті. Кітапханашы Гүлсім Жұмаханова «Желтоқсан желі ызғарлы…» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. 🇰🇿Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, жас ұрпаққа желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.