16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында №19 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Сопбекова Гүлмира Байұзаққызы, 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» атты тәрбие сағаты өтті. Кітапханашы Гүлнұр Егеубаева «Тәуелсіздік-тарих толғауы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.