16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік бастауы — желтоқсан» атты патриоттық сағаты өтті. Әдіскер А.Оралова «Желтоқсан желі ызғарлы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.