«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық мәдениет үйінде аудандық «Желтоқсан оқиғасы» ұйымының төрағасы, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тлеубеков Ерғали Өтемісұлы, №1 өнер мектебінің директоры Мұратаев Қанат Жарасұлы, Қошқарата ауылдық округінің әкімі Телеушов Мейіржан Бегасылұлы, Қошқарата ауылдық Аналар алқасының төрайымы Тәжібаева Жеміскүл Порымқызы, Қошқарата ауылдық Қоғамдастықтың төрағасы Шыршықбаев Жорабек Оразбекұлының қатысуымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы Ұлжан Көкеева «Тәуелсіз елім менің» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.