Тәуелсіздік мәңгілік ел мұраты»

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық мәдениет үйінде желтоқсаншылар, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерғали Тілеубеков, Жуалы аудандық №1 Балалар өнер мектебінің директоры Қанат Мұратаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік мәңгілік ел мұраты» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы Гүлфира Жанысбекова «Тәуелсіздік жаршысы-желтоқсаншылар” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.