«Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» атты патриоттық сағатын өтті. Кітапханашы Г.Керимова «Тәуелсіздік бастауы — желтоқсан» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.